Мәжіліс депутаты Марат Башимов бұрын азамат пен мемлекеттік орган дауласып соттасқанда, көбіне меморган жеңіп келгенін айтты. Енді заң қабылданса, азаматқа өзінің дұрыстығын дәлелдеудің қажеті болмайды, ол мемлекеттік органның өзіне жүктеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.