Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның 11 боксшысы қарсыластарымен жартылай финалда қолғап түйістірді. Бұл кездесулерде 5 спортшымыз жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты. Ал 6 былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.