Ұстаздық – әр баланың өміріне жол сілтейтін, жүрекпен атқарылатын қасиетті мамандық. Мұғалім тек пәнді оқытып қана қоймай, шәкірттің бойындағы ізгі қасиеттерді оятып, олардың сенімін арттыруға ат салысады. Осындай қасиетті мамандықты саналы түрде таңдаған жас педагогтардың бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы №9 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ықбал Темірбайқызы Палуаниязова. BAQ.KZ тілшісі ауыл мұғалімінің еңбек жолымен, оның шәкірттеріне деген шынайы махаббаты мен жаңашыл сабақ әдістерімен танысып көрген еді.
Жаңалықтар