Бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – бала тәрбиесі. Бұл міндет ең алдымен ата-ананың мойнында. Десек те, тәрбиемен қоғам болып айналысу керек. Павлодар облыстық Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның Әжелер мектебінің мүшесі Ғалия Сұңғатова бала тәрбиесімен қалай айналысу керегі туралы тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.