2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25%-ға өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.