Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балабақшаларды лицензиялау олардың жұмысын жақсартып, жемқорлықты азайтады және күрт қысқартуға әкелмейді. Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін және оны енгізу 2024 жылға жоспарланғанын айтады. Яғни, бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт берілетінін білдіреді.