2025 жылдың басынан бері Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар шамамен 4 мың отырыс өткізіп, 7 мыңнан астам істі қарады. Оның ішінде мыңнан астам іс өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қатысты. Мұндай отбасыларға материалдық, психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіліп, сонымен қатар жұмыспен қамтуға, емделуге, балалардың оқуына және демалысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балалар қудалауға ұшырап, қараусыз қалуда: Комиссия қиын жағдайға тап болған отбасыларды бақылауға алды
Жаңалықтар