Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте оқушыларды мектептен тыс жұмыстармен, оның ішінде жазғы демалыс кезінде қамтуды ұлғайту, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған ірі орталықтар салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.