Баланы жақсы көрмеген адам ешқашан тәрбиеші бола алмайды. Мұндай пікірді Тараз қаласы Білім бөлімінің мектепке дейінгі әдіскері Гүлфайраз Естаева айтты. Сонымен қатар білім саласының сарапшысы мектепке дейін білім мен тәрбие жайлы сөз қозғап, тәрбиешілердің мәртебесі, бала тәрбиесі жөнінде ойын ортаға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.