Дүниедегі барлық ананың бір ғана үлкен уайымы бар, ол – балаларының амандығы, бақытты өмір сүруі. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі осыдан 7 жыл бұрын Ассамблеяның 20 жылдығы қарсаңында орай құрылған. Содан бері қоғамдық ұйым өңірдегі отбасыларға, әйелдерге, аналарға қатысты көптеген пайдалы жобаларды жүзеге асырды.