Барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 тамызда еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Астанада найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршак, дауыл. Найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Алматы облысыныңда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақмола облысының басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. 09 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі сақталады.

Читать источник baq.kz
"Министр міз бақпай отыр". Дина Төлепберген оқуға түсе алмағандардың жанайқайын жеткізді
"Жігітім мені сынамақшы болды". Журналист Анна Данченко қызық оқиғасын баяндап берді
Өзбекстандық 22 жастағы таэквондошы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды
Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын
Астанада бос алаңда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
«Соңғы кездесуіміз екенін білмедім»: Айгүл Иманбаева марқұм әкесі туралы жазба жариялады
"Айнаға қарағым келмейді, өзімді жек көремін". Мақпал Исабекова қандай күйде жүргенін айтты
24 жылға сотталған қазақстандық түрмедегілерді теракт жасауға шақырған (ВИДЕО)
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары 8 тамызда қандай нәтиже көрсетті?
Әлия Юсупова: Ұршық жаттығуы үшін шағым түсірдік, бірақ ұпайымызды көтермеді
"Министр міз бақпай отыр". Дина Төлепберген оқуға түсе алмағандардың жанайқайын жеткізді
Өзбекстандық 22 жастағы таэквондошы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды
Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден беріле ме?
Ақтөбе облысында cегіз адам мерт болған жолда тағы екі адам қаза тапты
Танымал әнші Индира Елемес Ерке Есмаханмен неге араласпай кеткенін айтты
Елдос Сметов аудан әкімі мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады
Қостанай облысында жеке тұрған ағаш құрылысы өртенді
Елдос Сметов алғашқы бапкеріне көлік сыйлады
Астанада бес елдің президенті кешкі аста бас қосты
«Неге мұндай төмен ұпай қойғанын түсінбедім»: Әлия Юсупова шәкіртінің Олимпиададағы нәтижесіне баға берді
Әлия Юсупова: Төрешілерге шағым түсірдік, бірақ ұпайымызды көтермеді
Халықаралық сарапшы, дәрігер: ешбір дәрігер қыздың пәктігін тексере алмайды
Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева финалдан сырт қалды
Көркем гимнастикадан Елжана Таниева финалға өте алмады