Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Динара Нұрсұлтанова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде биыл өңірде 1-6 жас аралығындағы 9 бала (өткен жылы – 7) терезеден құласа, соның сегізі Орал қаласында, біреуі Сырым ауданында тіркелгендігін атап өтті. Салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.