ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданындағы зардап шеккен төрт ауылда – Ақсу, Аралтал, Кеңтүбек және Пугачевода су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 60 жаңа үйдің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.