Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің электрмен жабдықтау және жылу коммуникация желілерін жаңғырту және олардың тозу деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.