Абай облысының әкімі Берік Уәлидің айтуынша, Семей қаласының қазіргі негізгі мәселесі – жылу тапшылығы. Бұл шектеулердің салдарынан тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру мүмкін болмай отыр. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.