Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда. Бүгін Астанада «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге сертификат тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.