Өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға өскен. Жылдық мәнде олар 19,4%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ статистика бюросына сілтеме жасап.