Қазақстанда жыл сайын толық метражды фильмдер көптеп шығып жатыр. Саны ғана емес, сапасы да артқан. 2019 жылы кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды. Содан бері орталық киножобалар шығаруға конкурстар өткізіп, конкурста жеңіп шыққан жобаларға қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Одан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ірі жобалар да қаржыландырылып, көрермен назарына ұсынылып жатыр. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі биыл ұлттық прокатқа шыққан фильмдердің топтамасын оқырман назарына ұсынады.