Биыл Қарағандыда 128 шақырымнан астам автожол жөнделіп, қайта қалыпқа келтіріледі. Жоспар орындалса, жол төсемінің нормативтік жағдайдағы үлесі 79 пайызға жетеді. Қалада орташа жөндеумен 114 шақырым жол қамтылады. Құрылыс және қайта құру жұмыстары 7 шақырымға жоспарланған. 9 шақырым жол төсемінде күрделі жөндеу жүргізіледі. Жалпы қалада 127 учаске жөнделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.