Мақтаарал ауданында өткен он айда жалпы өңірлік өнім көлемі 107 млрд теңгені құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында - 76,5 млрд теңге, құрылыс саласында - 8 млрд 39 млн теңге, өнеркәсіпте - 10,9 млрд теңге, сауда көлемі - 10,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың есебіне сүйене отырып.