Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 67 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Қазір Бозарық ауданында бірқатар нысанға инфрақұрылым жүйелері кіргізіліп, әрлеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.