Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 573 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1015 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. "Қазсушар" мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.