Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Адами капиталды дамыту жөніндегі II халықаралық форумға қатысып, өнеркәсіп салаларында еңбек ететін мамандардың біліктілігін арттыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.