Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттыру және білім алу мүмкіндігін кеңейту бағытында жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.