Бүгінгі таңда әр салада жасанды интеллект адам еңбегін алмастырып, жұмысын жеңілдетіп келеді. Әйгілі Илон Маск сұхбатында жасанды интеллектің келешекте адамзатқа қауіпті екенін айтқан болатын. Дегенмен нейрожелілер мамандардың орнын бүгін-ертең ауыстырмайды. Блогер әрі SMM маманы Елдос Сансызбаев жаңа блогерлік жол туралы айтып берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.