Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттарының тізімін қайта қарау туралы шешім қабылданды. BAQ.KZ бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.