Алматы облысындағы Қаскелең перзентханасында жас босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кетті. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева әлеуметті желіде жариялады. Қоғам белсендісі терезеден секірген әйелдің жағдайын білу үшін,Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы перзентханаға барған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.