2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 1 916 адам қаза тауып, 40 мыңнан аса адам жарақат алды. Камералар саны көбейіп жатыр, жол қозғалысы дрондар арқылы қадағалана бастады, бірақ неліктен жол апаттары азаймай отыр? Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.