Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныстануын жалғастыруда. Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгінгі таңда, су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 үйдің құрылысы жоспарланып, 200 жаңа тұрғын үй кілті табыс етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.