Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1 млрд долларға жетіп, 2021 жылғы көрсеткіштерден 2 есе көп болды. Кеше екі ел арасында құны 190 млн доллар болатын келісім жасалды. Осы орайда BAQ.KZ тілшісінің Қазақстан – Ауғанстан байланысы туралы сұрақтарына саясаттанушы Риззат Елубаев жауап берді.