Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Жетісу, Алматы гарнизондарынан келген 300-ден астам әскери қызметшісі, оның ішінде мерзімді қызметтің 50 сарбазы Батыс Қазақстан облысындағы Жайық, Шаған, Дерқұл, Көшім өзендері мен олардың салаларының жағалауын нығайту жұмыстарына тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.