18 мамырда ҚР Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан биылғы жылдың 17 сәуірінде қабылданған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Осылайша, Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлынан оң нәтиже табылды, деп жазады BAQ.KZ.