Дубай қаласында (БАӘ) ЭКСПО 2020 аумағында COP28 шеңберінде Орталық Азия павильоны жұмысын бастады. Бұл аймақ елдері үшін бірігіп, әрекет етудің, өз проблемалары мен климаттың өзгеруімен күресу қажеттіліктерін халықаралық қауымдастыққа жариялаудың тағы бір бірегей мүмкіндігі. Бұл павильон пікір алмасу, бірлескен өңірлік Климаттық бастамалар мен басымдықтарды таныстыру үшін бірегей платформа болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.