Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен салт-дәстүрге арналған іс-шара болмақ. Осы ауқымды іс-шара аясында «Қазанат» ипподромының жанында 10 гектар жерде «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.