Қарағанды және Атырау облыстары «айналым схемалары» аясында қаржыландырудың жаңа тетіктері бойынша шамамен 2,5 млрд теңге сомаға Тараз және Көксу зауыттарымен кепіл шарттарын жасасты. Шарттар бұрын қол қойылған меморандум аясында жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ СИМ Сауда комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.