Халықтың, туристердің, қонақтар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласындағы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тауларда қар көшкіндерін мәжбүрлеп түсіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 3516 м³ қар массасы түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.