Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.