2022 жылғы қаңтар-шілдеде отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты 82,8% қамтамасыз етті. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде бұл көрсеткіш 80,7% болған еді. Осы кезеңде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9% артты. Импорт 18,6% өсіп, 55,6 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom ақпарат көзіне сілтеме жасап.