2024 жылы баспана кезегінде тұрған әрі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 7 мыңға жуық адамның тұрғын үй мәселесін шешу жоспарлануда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына 446 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл туралы Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.