Ұлттық статистика бюросы өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді. Ай басынан бері олар 0,5%-ға, ал жыл басынан бері 20,1%-ға өскен. Осыған орай жұмыртқаның бағасы көтерілсе, пияз, сәбіз, картоптың құны төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.