Қазақстанда Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол hr.enbek.kz (бұдан әрі – Портал) еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған, бұл жұмыскерлерге смартфон арқылы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.