Ал иппотерапияны елімізде дамыту үшін мәселе көп. Әуелі – иппотерапияға жарамды ат дайындау мәселесі. Себебі мұндағы басты қажеттілік атқа байланысты. Жуас, балалардың кез келген қылығына, әрекетіне қажығырлық танытпайтын, ештеңеден үрікпейтін атты дайындап шығу айрықша қажырлылықты талап етеді.