Әлемдік автомобиль нарығында тамыз айында 6,9 миллион жаңа автомобиль сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артық. Қазақстанда жаңа автокөліктерді сату, өз кезегінде, өткен жылдың тамызымен салыстырғанда бірден 25,4%-ға өсті, деп хабарлады BAQ.KZ Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.