14 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператормен бірлесіп, Қазақстанның облыстық медициналық мекемелеріне арналған таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу бойынша түсіндіру семинарларын өткізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.