Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді Қазақстан мен Сербия сыртқы саяси ведомстволарының делегациялары саяси консультациялардың кезекті раундын өткізіп, тараптар екіжақты күн тәртіптегі өзекті мәселелерді талқылады және саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық пен мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ортақ ниеттің бар екенін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.