1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты бір айға жұмысын тоқтатады. Бұл жылына бір рет жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстары. Бұған дейін наурыз айында Шымкент мұнай өңдеу зауыты, маусым-шілде айларында Павлодар зауыты жөндеуден өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.