Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2023 жылғы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,24%-ын немесе 22,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.