13-15 қыркүйек аралығында Рим папасы Францисктің елімізге сапары шеңберінде әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының отырысы өтеді. Халықаралық маңызы бар іс-шара қарсаңында 8 тамыздан бастап бір ай бойы елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі,деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.