Астанада өткен кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары анықталды. Жарыс Жұмысшы мамандықтар жылы мен «Үздік» жобасы аясында ұйымдастырылып, қала әкімдігі мен «Астана жастары» орталығының қолдауымен коммуналдық және техникалық салада еңбек етіп жүрген мамандардың басын қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.