Елордада жыл басынан бері 866 азамат қандас мәртебесін алған. Оның ішінде Өзбекстаннан – 520 адам, Ресейден – 149, Қытай – 122, Моңғолия – 48, Қырғызстан – 15, Түркіменстан – 6, Иран – 2, Тәжікстан – 2, АҚШ – 1, Швейцария – 1. Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.